С ВИТАМИНІНІҢ емдік дозасы 500 мг
мен МЫРЫШТЫҢ тәуліктік дозасының 15 мг
КОМБИНАЦИЯСЫ
С ВИТАМИНІНІҢ емдік дозасы 500 мг
мен МЫРЫШТЫҢ тәуліктік дозасының 15 мг
КОМБИНАЦИЯСЫ
ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ АҒЗАҒА ТҰМАУ
МЕН СУЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ КӨМЕКТЕСУ ҮШІН МАМАНДАР
АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ МЕН МЫРЫШТЫҢ КОМБИНАЦИЯСЫН ҰСЫНАДЫ.
ВИТАМИН С
ЦИНК
АСКОЦИН® ДӘРІЛІК ЗАТТЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛЫҚ
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар
аскорбин қышқылы – 100 мг
натрий аскорбаты – 450 мг
(аскорбин қышқылына баламалы – 400.00)
мырыш тотығы – 18.67
(мырышқа баламалы – 15.00)
қосымша заттар
маннитол, повидон (PVP K 90), кросповидон, повидон (PVP K 30), «күн батар түстес» сары (Е 110)**, аспартам, магний стеараты, апельсин хош иістендіргіші 844763
**құрамы: «күн батар түстес» сары, алюминий гидроксиді, алюминий хлориді
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ашық қызыл-сары түсті, біркелкі жайылған дақтары бар таблеткалар.
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер.
Аскорбин қышқылы, басқа препараттармен біріктірілімдерін қоса.
АТХ коды А11GB
Фармакокинетикасы
Аскорбин қышқылы жіңішке ішекте белсенді түрде сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң плазмада ең жоғары концентрацияға жетеді. Организмдегі қоры шамамен 1,5 г құрайды. 25%-ға жуығы плазма протеиндерімен байланысады. Бауырда дезоксиаскорбин, әрі қарай қымыздықсірке және дикетогулон қышқылдарына биотрансформацияланады. Метаболизденбеген аскорбат және метаболиттер бүйректер, ішек арқылы, сондай-ақ термен және емшек сүтімен бірге шығарылады. С дәруменінің сіңуі асқазан-ішек жолының ауруларында (гастритте, ойық жарада, іш қатқанда, іш өткенде, ішек құрттары инвазиясында, лямблиозда), жаңа піскен жеміс және көкөніс шырындарын, сілтілік сусындарды ішкенде бұзылуы мүмкін. Препараттың плазмадағы концентрациясы 1,4 мг/100 мл-ден астамға артқанда оның шығарылуы ұлғаяды. Препараттың сіңуі жаңа піскен жемістердің және көкөністердің шырындарын, сілтілік сусындарды ішкенде азаяды. Темекі тарту және этил спиртін шамадан тыс ішу аскорбин қышқылының ыдырауын жылдамдатып, оның организмдегі қорын күрт азайтады.
Мырыш ішектен сіңіп, тіндерге таралады және бірқатар ферменттер мен биологиялық тұрғыдан белсенді заттардың құрамына кіреді. Организмнен шығарылған мырыштың 90%-ы нәжіспен бірге, 2–10%-ы несеппен бірге бөлініп шығады. Кальций және кальцийге бай препараттар мырыштың сіңуін 50%-ға дерлік төмендетуге қабілетті, ал кофеин мен алкоголь оның организмнен шығарылуын күшейтеді.
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) антиоксиданттық, метаболизмдік және тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейтін зат ретінде организмнің бейімделу мүмкіндігін арттырады, оның инфекцияларға қарсылығын күшейтеді. Тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуге, көмірсулардың, амин қышқылдарының, пигменттердің және холестериннің алмасуына, стероидтық гормондардың, катехоламиндердің синтезіне, қанның ұю үдерісіне қатысады. Коллаген синтезін күшейтеді, регенерация үдерісін стимуляциялайды, капиллярлардың өткізгіштігін қалыпты етеді. Бауырда тыныс алу ферменттерінің белсенділенуі есебінен, оның детоксикациялық және ақуыз түзетін қызметін күшейтеді, коллагеннің және протромбиннің синтезін арттырады. Өттің бөлініп шығуын жақсартады, ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін қалпына келтіреді. Гистаминнің босап шығуын тежейді және деградациясын жылдамдатады, простагландиндердің және қабыну мен анафилаксияның басқа да медиаторларының түзілуін тежейді. Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антидене, комплементтің С3-компонент, интерферон синтезін белсенді етеді), фагоцитозға әсер етеді, организмнің инфекцияларға қарсылығын арттырады. Қабынуға қарсы әсер береді.
Аскорбин қышқылына тәуліктік қажеттілік ересектерде 70–100 мг, жүкті әйелдерде және емшек емізу кезеңінде 100–120 мг, балаларда жасына байланысты 30–70 мг құрайды.
Мырыш биологиялық жарғақшалардың, жасушалық рецепторлардың, протеиндердің құрылымдық компоненті болып табылады, 200-ден астам энзимдік жүйе құрамына кіреді. Иммундық және антиоксиданттық қорғаныш реакцияларына, қан түзуге, амин қышқылдарының синтезіне, генетикалық ақпараттардың сақталуы мен берілуіне қатысады. Ретинолды тасымалдайтын ақуыздың болашақ компоненті бола отырып, мырыш А дәруменімен және С дәруменімен бірге иммун тапшылығының туындауына кедергі жасайды, антидене синтезін стимуляциялайды және вирусқа қарсы әсерін жүзеге асырады. Ол эритроциттердің және қанның басқа да пішінді элементтерінің түзілуі үшін қажет. Мырыш май алмасуды қалыпты етеді, эндокриндік бездердің, соның ішінде инсулиннің, өсу гормонының, кортикотропиннің және соматотропиннің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Жыныстық және ұрпақ өрбіту қызметін демейді – Е дәруменінің метаболизмі үшін қажет, ол жыныс гормондарының ізашары болып табылады және тестостерон өндіруге қамтылады; мырыш қуықасты безінің қалыпты қызмет атқаруы үшін де маңызды. Мырыштың тәуліктік қажеттілігі 15 мг құрайды.
• цинга профилактикасы мен емдеуде
• С дәрумені гипо- және авитаминозында
• аскорбин қышқылына жоғары қажеттілік жағдайында
АСКОЦИН® препаратын тамақтан соң қабылдайды; таблетканы шайнап, судың аздаған мөлшерімен ішеді.
Ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Айқын авитаминозды және инфекциялық ауруларды емдегенде қысқа мерзім ішінде (5–7 тәулік бойы) күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылдауға болады. Емдеу мерзімі аурудың сипатына және барысына байланысты.
Препараттың жағымдылығы, әдетте жақсы. Жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда келесі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:
Ас қорыту жолы тарапынан
• жүректің айнуы, құсу, қыжыл, іш өту
ОЖЖ тарапынан
• орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, бас ауыру, ұйқысыздық
Несеп шығару жүйесі тарапынан
• конкременттердің түзілуі
Тері және оған жақын тіндер тарапынан
• аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, бөртпе
Қантамыр жүйесі тарапынан
• қан денешіктері глюкоза-6-фосфатдегидрогеназасы жеткіліксіздігі бар науқастарда эритроциттердің гемолизін туындатуы мүмкін
• аскорбин қышқылына және препараттың басқа да компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
• тромбофлебит, тромбоздарға бейімділік
• қант диабеті
• несеп-тас ауруы
• фенилкетонуриясы бар тұлғаларға
• 18 жасқа дейінгі балалар
АСКОЦИН® қанда салицилаттардың, этинилэстрадиолдың, бензилпенициллиннің және тетрациклиндердің концентрациясын арттырады, қанда пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Кумарин туындыларының коагуляцияға қарсы әсерін азайтады. Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады. Этил спиртінің жалпы клиренсін арттырады. Хинолонды қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ қолданылғанда С дәруменінің қорын азайтады. Кортикостероидтар С дәруменінің және мырыштың деңгейін азайтады.
Аскорбин қышқылын және дефероксаминді бір мезгілде қолдану, әсіресе жүрек бұлшықетінде, темірдің тіндік уыттылығын арттырады, бұл қан айналу жүйесінің декомпенсациясына әкеп соғады. Оны дефероксамин инъекциясынан кейін 2 сағаттан соң ғана қабылдауға болады.
Препараттың үлкен дозалары трициклді депрессанттардың тиімділігін азайтады
АСКОЦИН® препаратын үлкен дозаларда қолданғанда бүйрек функциясын және артериялық қысымды, сондай-ақ ұйқы безінің функциясын бақылау қажет.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болғанда, бүйрек функциясы бұзылғанда абайлап қолданады.
Препарат әртүрлі зертханалық тесттердің нәтижелерін (қандағы глюкоза, билирубин мөлшерін, трансаминазалар, лактатдегидрогеназа белсенділігін) өзгертуі мүмкін. Ұзақ емдеу кезінде глюкоза деңгейін бақылау қажет.
Аскорбин қышқылы темірдің сіңуін арттыратын болғандықтан, оны жоғары дозаларда қолдану гемохроматоза, талассемия, полицитемия, лейкемия және сидеробластты анемиясы бар пациенттерде қауіпті болуы мүмкін. Организмде темір мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын өте аз дозаларда қолдану қажет.
АСКОЦИН® препаратын өрши бастаған обыр аурулары бар пациенттерге абайлап тағайындау қажет, өйткені оны қолдану үдеріс барысын жылдамдатуы мүмкін.
Препарат құрамында күнбатар түстес сары бояғыш FCF (E110) бар, ол аллергиялық реакцияны туғызуы мүмкін.
Осы дәрілік препараттың құрамында әрбір 950 мг таблеткада 12 мг аспартам бар, ол 12 мг таблеткаға баламалы. Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады. Егер сізде фенилкетонурия (PKU), сирек генетикалық аурулар байқалса, фенилаланин жинақталатын болса ол қауіпті болуы мүмкін, сондықтан организм оны дұрыс шығара алмайды.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілік кезінде С дәруменін жоғары дозаларда қолдану шарана дамуына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Аскорбин қышқылы емшек сүтіне енеді, сондықтан препаратты қабылдаған кезде емшек емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың жүргізушілерге немесе күрделі техникамен жұмыс жасайтын адамдарға кері ықпалын тигізетініне қатысты нұсқаулар жоқ.
Симптомдары
Жүректің айнуы, құсу, ішектің түйілуі, диарея, болуы ықтимал аллергиялық реакциялар, бүйрек функциясының бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы.
Емі
Симптоматикалық емдеу.
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған. 3 немесе 10 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Рецептісіз
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,
СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
ЕМДЕУДІ ҚАЗІР БАСТА!
СІЗДІҢ ҚАЛАҢЫЗДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРДА НЕМЕСЕ ИНТЕРНЕТ-ДӘРІХАНАЛАРДА АСКОЦИНДІ ІЗДЕҢІЗ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан
дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды)
қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС
Алматы қ., Қажымұқан көшесі, 22/5,
«Хан-Тəңірі» БО, 3 қабат
Телефон: 8 727 295 26 50
E-mail: phv@kusum.kz
ҚР-ДЗ-5№020208 06.11.2018 ж. - 06.11.2023 ж. дейiн.